Алматыдағы «Римон» еврейлер қауымдастығы орталығында Пе́сах тақырыбына балалар салған сурет конкурсы ұйымдастырылды. Сурет салып болған соң балалар еврейлердің қасиетті дәмі - ұннан жасалған маца шелпегінен ауыз тиді. «Мицва» ассоциациясы кітапханасында егде жастағы адамдар мерекелік дастархан басына жиналды. Алматы, 5 сәуір 2015 жыл.
Алматыдағы Пе́сах мейрамы
Алматыда бүгін еврейлер Пе́сах мейрамын атап өтті. Азаттық тілшісі Қазақстандағы еврей ұлттық ұйымдарының «Мицва» ассоциациясы ұйымдастырған Пе́сах мерекелік шарасына қатысты.

1
Балалар саусақпен сурет салып отыр.

2
Пе́сах тақырыбына арналған сурет конкурсына қатысушы балалар.

3
Бүлдіршіндер қылқаламмен сурет салып көріп жатыр.

4
«Римон» еврейлер қауымдастығы орталығы директоры Инесса Чугайнова мацаға арналған шоколадты пешке қыздырып тұр.

5
Балалар шоколад жағылған маца жеп отыр.

6
Қабырғада: «Еврей қауымдастығы орталығына ғимаратты Қазақстан еврейлері конгресінің президенті Александр Машкевич сатып әперген» деп жазылған.

7
«Мицва» ассоциациясы кітапханасында егде жастағы адамдар мерекелік дастархан басына жиналды.

8
Қазақстандағы еврей ұлттық ұйымдары «Мицва» ассоциациясының президенті Александр Барон.

9
Қазақстандағы еврей ұлттық ұйымдары «Мицва» ассоциациясының кітапханасы. «Мицва» президенті Александр Баронның айтуынша, Қазақстандағы өзге ұлттық орталықтардың кітапханаларымен салыстырғанда ең ірісі осында орналасқан.